Бастапқыда мәселе салмақ айырмашылығына қатысты болатын, «Канело» 160 фунт салмақта жұдырықтасқысы келмеді. Ендігі мәселе гонорарға қатысты болып отыр. Головкиннің командасы былтырғы көрсеткіштерін қайталығысы келмейді. 2016 жылы олар ұзақ келіссөз салдарынан жылына екі ғана жекпе-жек өткізген. Сонымен қатар, жасы 35-ке келген Головкин уақыттың өз пайдасына жұмыс істеп жатпағанын түсінеді.
«Канелоға» деген қызығушылық азайып кетті. Менің тәжірибем жетерлік, олар болса бос сөйлеуден шаршамады. «Канело» өзінің мықты екенін айтудан таймайды... Жарайды, солай делік, онда менімен жұдырықтасудан неге қашады? Мен дайынмын, кез келген қарсыласқа», - дейді Головкин.
«Канело» мен дайынмын, ертең қоңырау шаламын дейді. Екі жыл күттім. Бұл тым ұзақ уақыт, сондықтан қызықсыз болып қалды», - деп аяқтады сөзін GGG.
Еске салайық, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF атақтарына ие қазақстандық боксшы 19 наурызда Дэниэл Джейкобспен өткізген жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. «Канело» 6 мамырда өзге мексикалық Хулио Сезаром Чавеспен жұдырықтасады.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




