Жыл соңына дейін емханалар толығымен электронды форматқа көшеді – министр
- author «Ақ жол»
- 24 наурыз, 2017
- 471
«Біздің жүйеде реттеумен байланысты жұмыстар тым көп. Біз бүкіл ел бойынша қағазбастылықтан мүлдем бас тартқымыз келеді. Бірақ, оны бір-екі жерде емес, республика бойынша бір уақытта жүзеге асыруымыз керек. Себебі, біреулері қағазбен, басқалары электронды түрде жұмыс істесе, онда түсініспеушілік басталады. Қазірдің өзінде, бір емхана электронды жүйеде жұмыс жасаса, біз олардан қосымша жазбашасын талап етеміз. Өйткені, олар прокурорлық және тағы басқа тексеріс кездерінде керек болып қалады», - дейді министр.
Біртановтың айтуынша, бүгінгі таңда көптеген емхана техникалық жағынан қағаз форматынан бас тартуға дайын. Тек жүйені біраз жетілдіру керек. Қағазбастылық енді керек емес, себебі электронды сырқатнама бір рет қабылданып, одан барлық қажетті ақпарат алынады, деді министр.
«Біз жыл соңына дейін Астана қаласын қағазбастылықтан арылтып, қаланы электронды форматқа көшіргіміз келеді. Әсет Исекешевпен келістік, олар өз емханаларын дайындап қояды. Осылайша, 1 қаңтарға дейін елорданы толығымен электронды форматқа көшіруді көздеп отырмыз. Себебі, медицина қызметкерлері не жазу керек, не компьютермен басу керек. Бұл бір жұмысты екі рет қайталап істемеу үшін қажет», - деді Біртанов.
Атап өтсек, бірнеше жыл бойы еліміздегі медициналық ұйымдар бірыңғай электронды жүйемен біртіндеп қамтылып келеді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесі енгеннен кейін электронды паспорттың да енгізіле бастайтыны баршаға мәлім.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




