Футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнайтын ҚР құрамасы
- author «Ақ жол»
- 24 наурыз, 2017
- 718
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Жозе Алесио Да Силва 2018 жылы Словенияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын құрамды жариялады.
Бразилиялық жаттықтырушының тізіміне 16 футболшы енген. Іріктеу кезеңіне жалпы саны 28 команда қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасы 6-топта Чехия, Македония және Дания құрамаларымен Алматыда сынға түседі. Әр топтан жеңіске жеткен құрама бірден Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алады. Ал Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне 12 команда қатысады. 2018 жылы Словенияда өтетін Еуропа чемпионаты 30 қаңтар -10 ақпан аралығында Люблян қаласында өтеді. Іріктеу кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың тізімі: Қақпашылар: Григорий Шамро («Ақтөбе»), Игита («Қайрат»); Алаңдағы ойыншылар: Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Шыңғыс Есенаманов, Михаил Першин, Дуглас (барлығы - «Қайрат»), Антон Рындин, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де - «Аят»), Альберт Акбаликов, Қайрат Иманалин (екеуі де - «Ақтөбе»), Арнольд Кнауб, Дәурен Тұрсағұлов, Александр Довгань, Біржан Оразов (бәрі - «Жетісу»), Лео («Спортинг», Португалия) Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы іріктеу кезеңі 8-11 сәуір күндері «Алматы Аренада» өтеді.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




