Фарида ЖҮНІСОВА, «Әулие-Ата Феникс» ЖШС бас директоры.
Қуаттылығы жылына 4 мың тоннаға дейін құс етін өндіретін біздің «Әулие-Ата Феникс» фабрикасы өткен жылдың соңында іске қосылған болатын. Құс фабрикасының ашылу салтанатына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысып, құттықтау лебізін білдірген еді. Жоба құны – 2 миллиард АҚШ долларын құрайды. Аталған қаржы «ҚазАгро қаржы» ұлттық холдингінің қаржыландыруы есебінен алынды. Бөлінген бұл қаржыға бұрынғы құс фабрикасынан қалған ғимараттарды жөндеп, бройлерді бағып-күтуге арналған, құс қорасын жылыту және басқару жүйесі, инкубациялық және тоңазытқыш, құрама жем өндірісі, сою желісі жабдықтарын сатып алған болатынбыз. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы шеңберінде жұмысын бастаған кәсіпорын облыс тұрғындарын сапалы, экологиялық таза құс етімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің өңір қой, сиыр, жылқы етінен тапшылық көрген емес. Ал аймаққа құс етінің 80 пайызы сырттан жеткізіледі. Енді жаңа фабриканың іске қосылуымен бұл мәселе де жолға қойылады. Кәсіпорын облыс экономикасына айтарлықтай үлес қосумен қатар, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуда да үлкен рөл атқарып отыр. Мұнда «халал» стандарты бойынша жоғары сапалы құс еті шығарылады. Өнім жергілікті нарықпен қатар, Қазақстанның өзге өңірлеріне өткеріледі. Алдағы уақытта Ресей, Қытай, Вьетнам сынды елдерге экспорттау қарастырылып жатыр.
Байзақ ауданы.
Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді