Тараз темір жол бекетіне келіп тоқтады
Наурыз мерекесі қарсаңындағы жұрт сүйсінетін жаңалықтың бірі – «Алматы-Ташкент» жүрдек пойызы жолға шығатын болды. Екі ел үкіметтері «Алматы-Ташкент» халықаралық жүрдек пойызын іске қосу туралы келісімді жүзеге асырудың техникалық тұстарын да талқылаған. Соның нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларды алып жүретін адамдарға арналған орындарға 70 пайыз көлемінде жеңілдік беру, жүктерді тасымалдау тәртібі және пойыздың ары-бері қатынау кестесі бекітілген. Пойыз Алматыдан дүйсенбі мен сенбі күндері, ал Ташкенттен сейсенбі мен жексенбі күндері жолға шығатын болады. Екі аралықта жүретін уақыты шамамен 16 сағат 30 минутты құрайды. Мұның ішінде, біздің өңіріміздегі Отар, Шу және Тараз темір жол бекеттеріне аялдап тұратын уақыттары да қамтылған. Айта кетейік, жолаушыларға кең шанақты «Тұлпар-Тальго» вагондары қызмет ететін болады.
Маржан рақай, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




