Нұрсұлтан Назарбаев: Біз президенттік биліктің артықшылығын 100 пайыз қолдана білдік
- author «Ақ жол»
- 18 наурыз, 2017
- 582
«Өз сөзіңізде көптеген ел қазір парламенттік биліктен мықты президенттік билікке оралып жатқанын айтып қалдыңыз. Әрине, бұған таңғалуға да болмайды. Себебі мықты президенттік биліктің бір үлкен артықшылығы бар. Бұл – саяси күреске, қоғамның пікіріне жалтақтамай, жылдам әрі тиімді әрекет ету мүмкіндігі. Айтыңызшы, біз елімізде бір партия үстемдік құрып, саяси бәсеке жоқ болған жылдары осы басымдықтарды қолдана білдік пе? Тез әрі тиімді жұмыс істеу қолымыздан келді ме?», - деп сұрады Esquire басылымының шеф-редакторы Гүлнәр Бажкенова.
«100 пайыз қолдандық. Бүгінде біз мақтанышпен айтатын барлық жетістігімізге осының арқасында қол жеткіздік. Бірақ кемшіліктер де болды, әрине», - деді Елбасы сұраққа жауап беріп.
Айта кетейік, бүгін кешкі сағат 21:30-да отандық телеарналардан Елбасының республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатының толық нұсқасы көрсетіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




