«Тұмар» телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды
- author «Ақ жол»
- 18 наурыз, 2017
- 498
Ұйымдастырушылар бүкіл отандық телеарналардан және продакшн-студиялардан 200-ден астам өтінімді қабылдаған. Әділ қазылар мүшесі жабық дауыс беру арқылы 12 үздік телевизиялық жобаны анықтады.
«Үздік әлеуметтік жоба» - «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Айтуға оңай» бағдарламасы;
«Үздік ақпараттық бағдарлама» - «31» телеарнасы, «Информбюро» жаңалықтары;
«Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама» - «Қазақстан-Атырау» телеарнасы, «Адасқандар» бағдарламасы;
«Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама» - «Рика ТВ» телеарнасы (Ақтөбе қаласы), «Город сегодня» бағдарламасы;
«Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» - «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Аpta.kz» бағдарламасы;
«Үздік музыкалық бағдарлама» - «ТV Key» ЖШС, «Музыкальный Перформанс»;
«Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы» - «Балапан» телеарнасы, «Күлегеш» бағдарламасы;
«Үздік деректі кино» - «Хабар» телеарнасы», «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі;
«Үздік ток-шоу» - «КТК» телеарнасы, «Наша правда» ток-шоуы;
«Үздік телевизиялық телехикая» - «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Әке» телехикаясы;
«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» - «Атамекен» business channel телеарнасының ашылуы;
«Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» - қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сұлтан Оразалы;
Айта кетейік, «Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» номинациясының жеңімпазын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев атады. Бұл номинацияда «Атамекен» business channel телеарнасы жеңіске жетті.
«Бүгін Ақпарат және ақпарат министрлігі атына көптеген алғыс сөздер айтылды. Мен үшін бұл сыйлықты жеңімпазға тапсыру үлкен құрмет», - деді министр.
Алғаш рет ұйымдастырылған телевизия бәйгесінің әділ қазылар құрамына Лев Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, этникалық және діни төзімділік жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының жетекшісі Ғаділбек Шалахметов, «ҚР Президентінің Телерадиокешені» АҚ Бас директоры Ерлан Бекхожин, Қазақстандық баспасөз клубының Президенті Әсел Қарауылова, БАҚ өзара әрекеттесу мәселелері жөніндегі ҚР Парламенті Сенатының төрағасының Кеңесшісі Бибігүл Жексенбай, Қоғамдық қайраткер, тележүргізуші, актриса, продюсер, «Добровольное Общество «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінің жетекшісі Александр Аксютиц, режиссер және сценарийші Лев Мариупольский, «Қазмедиа орталығы» ЖШС Бас директоры Мирболат Аюпов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, журналист Иманғали Нұртілеу, ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты Ирина Аронова, Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева, ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев кірді.
Бәйгені ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазмедиа орталығы» ұйымдастырды.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




