2016 жылы шағын бизнестің тыбысы рекордтық деңгейге жетіп, 2 трлн теңгеге жуықтады. Ал 2015 жылы саладағы шығын 174 млрд теңге болған, деп жазады finprom.kz.
Осылайша, 2016 жылы шағын кәсіпорындардың табысы 43 пайызға артқан.
Шағын бизнес дағдарысқа қарсы тұрақтылық танытып отыр. Елдегі экономикалық өсімнің төмендеуіне қарамастан, шағын кәсіпкерлер өздерінің табыстарын еселеп арттыра білді.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы шағын кәсіпкерлер табыс таппақ түгілі, 174 млрд теңге шағындалса, былтыр 2 трлн теңге табыс тапқан.
Табыстың көбеюі нарыққа жаңа бизнесмендердің келуімен мүмкін болып отыр, деп жазады сараптама қызметі. Өткен жылы шағын кәсіпкерлер саны республика бойынша 8 пайызға көбейген.
Жалпы, 2016 жылы шағын кәсіпкерлердің кірісі 22 трлн теңге болған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 42,6 пайызға артық. Сол 22 трлн теңгенің 20 трлн-ы өнім шығару, қызмет ақысын төлеу мен өзге де шығындарға жұмсалған.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




