Жігіттердің басым бөлігі бойының қысқалығынан ІІД-ге жұмысқа орналаса алмайды
- author «Ақ жол»
- 17 наурыз, 2017
- 706
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Құқық қорғау органдарына іріктеудің жаңа ережелері» атты баспасөз жиынында Павлодар облыстық ІІД кадр жұмысы басқармасының бастығы Ренат Шайков айтты.
-Өткен жылы ІІД-не жұмысқа орналасу үшін 532 үміткер өтініш білдірген болатын. Оның 157-сі жұмысқа қабылданды. Өте алмағандардың басым бөлігі - бойы қысқа жігіттер. Талап бойынша жол патрульдік полиция қызметіне саптық бөлімшесіне орналасу үшін жігіттердің бойы 175 сантиметр немесе одан да жоғары болу керек. Өзге категорияларда жігіттер үшін - 170 см, қыздарға - 160 см. Биылғы жылы бізде 273 бос орын бар. Оның ішінде 17 орын - орта лауазымдық қызметтер, яғни бөлім не бөлімше басшысының орынбасары және тағы басқалары, - деді Ренат Шайков.
Айта кетейік, 2016 жылы құқықбұзушылыққа жол берген 31 тәртіп сақшысы қызметінен босатылды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Қабиеваның айтуынша, құқық қорғау органдарына іріктеудің жаңа механизмі барлық органдар үшін тестілеудің үш бағдарламасынан тұрады.
- Бірінші бағдарлама аға басқарушы құрам өкілдеріне арналған және тоғыз нормативтік актіден тұрады. Кандидаттар 110 минут ішінде 135 сұрақтың 95-іне жауап беру керек. Екінші бағдарлама орташа басқарушы құрам қызметкерлеріне арналған. Жеті нормативтік акті бойынша 105 сұрақтың 63-іне 90 минутта жауап беру керек. Үшінші бағдарлама кіші басқарушы және қатардағы құрамға арналған, бес заңнан тұрады. 60 минутта кандидаттар 75 сұрақтың 35-іне дұрыс жауап беруі тиіс. Тестілеу қортындысынан соң кандидаттар сертификаттарға ие болып, тестілеу формасында жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді, - Гүлмира Қабиева.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




