Қытай мен Аустрия «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі павильондарын таныстырды
- author «Ақ жол»
- 17 наурыз, 2017
- 292
«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі қатысушы мемлекеттерге тиесілі павильондардың аумағы 78 мың шаршы метрді құрайды. Жалпы көрмеде халықаралық 52 жеке және 6 біріктірілген павильон болады. Ең ірі павильондардың бірі Қытай мемлекетіне тиесілі. Оның аумағы 2 қабатты қосқанда 2 мың шаршы метрге жетіп жығылады. Бүгінде аталмыш алаңда құрылыс жұмыстарды қызу жүргізілуде. Аспан асты елі «ЭКСПО-2017» көрмесіне «Болашақ энергиясы, Жасыл жібек жолы» тақырыбы аясында энергетика саласындағы инновациялық технологияларды көрсететін болады. Ал Қытай халықаралық сауда палатасының директоры, Ұлттық павильон конструктивті тобынының басшысы Дже Джие Қытай елінің көрмеге қызу дайындалып жатқандығын атап өтті.
«ҚХДР үшін Астана өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу маңызды. Павильонымыздың ауданы өте үлкен. Оның аумағы 1 053 шаршы метрді құрайды. Қазақстан тарапы павильонды тапсырды. Біз қабылдап алдық. Ренішіміз жоқ. Бізге тиесілі аумақтағы құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Құрылыс мамыр айының соңында аяқталады», - деді ол.
Сонымен қатар Дже Джие Қытай павиольонында қандай инновациялық технологиялар қойылатындығын айтып берді.
«Осы аумақта Қытайдың жасыл энергетикада жеткен жетістіктерін, баламалы энергетика саласындағы инновациялық технологияларды көрсететін боламыз. Бүгінде ең ірі 10 компания осы салада жұмыс істеп жатыр. Ал «ЭКСПО-2017» көрмесіне 25 қаланың кәсіпкерін шақырдық», - деді маман.
Аустрия мемлекеті де «ЭКСПО-2017» көрмесінде ашылатын павильонын таныстырды. Бұл аумақта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алайда Қазақстандағы Аустрия елшісі Герхард Сайллер жұмыстардың көрмеге дейін аяқталатындығын алға тартты.
«Павильонымыз көрме ашылғанға дейін дайын болады. Біздің көрмедегі тақырыбымыз «Ақыл, жүрек, денедегі күш» деп аталады. Аустрия энергияның 37%-ын судан, 10% желден, ал қалғанын басқа биомассадан алады. Павильонымыздың құны - 5 млн еуро. Аумағы да шағын емес, 900 шаршы метрді құрайды», - деді ол.
Сонымен қатар елші Аустрия павильонының негізгі ерекшелігіне тоқталды.
«Елімізде арнайы конкурс өткізген болатын. Нәтижесінде VM архитекторлық тобы жеңіс жетті. Олар «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Аустрия павильонының дизайынын жасады. Негізгі ерекшелігін уақыты келгенде көресіздер. Аустрия павиольонында мәдени іс-шаралар да ұйымдастырылады. Сонымен қатар көрме аумағында қонақтар үшін арнайы демалатын орын болады», - деді ол.
Сөз соңында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Халықаралық қатысушылармен байланыс департаментінің директоры Илья Оразақов халықаралық көрменің қауіпсіздігін сақтау мақсатында тиісті жұмыстардың атқарылып жатқандығын атап өтті.
«ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға ниет білдірген 115 мемлекеттің 103-іне павильон берілді. 12 павиольон тапсырылғалы жатыр. Осы айдың соңына дейін барлық көрме аумағын тапсырамыз. Елдердің талап-тілектерін ескерудеміз. Бірақ бұл жерде ескеретін бір жайт бар. Мысалы, кей мемлекеттер өздерінің павильоны үшін электр қуатын көбейтуді сұрайды. Сондай-ақ, кейбір елдер өз аумағына күрделі конструкцияларды қоюға өтініш айтып жатыр. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында бұл талаптар қанағаттандырылған жоқ», - деп түйіндеді сөзін директор.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді