Ерлан Қарин «Қазақстан» арнасының жаңа маусымда дайындап отырған тағы бір жаңалығымен бөлісті.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасында жаңа жыл мейрамына орай, наурыздың жиырмасынан бастап, балалардың демалысы кезінде телеарнаның кішкентай көрермендеріне арналған «Дисней» компаниясының үздік анимациялық фильмдері қазақ тілінде сөйлейді. Айта кету керек, барлық мультфильм «Қазақстан» телеарнасының көмегімен соңғы технологияларды қолдана отырып дыбысталған. Алғаш рет халықтың сүйіктісіне айналған мультфильм кейіпкерлері түрлі дауыста қазақша сөйлемек», - деп жазды Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Анимациялық фильмдерді дыбыстауға 10-ға жуық дубляж актері тартылыпты. Музыкалық безендіру оркестрмен сүйемелденген, ал, әндерді дубляж актерлері орындаған.
«Ертең, Қазмедиа холл киноконцерттік залында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы көрсетілім ұйымдастырылады. Бұл ана тіліміздің насихатталуына зор үлесін қосып, үлкен мән береді», - дейді «Қазақстан» РТРК басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




