Аймақ басшысы «Оңтүстікфильм» мекемесінде болып, шығармашылық ұжымға шағын автобус табыс етіп, алдағы уақытта өңірдегі барлық өнер ұжымына осы сынды көлік сыйға тарту жоспарланып отырғанын жеткізді.
Өңірде кино саласын дамытуға атсалысып жүрген 9 жеке студия бар. Олардың ішінде 4 киностудия – «Сақ», «Жайдарман», «Мейрам», «Көз тимесін» production» орталықтарының кино түсіруге мүмкіндігі мол.
Мұнан соң, әкім туындыларымен әлемдік деңгейдегі мамандарды мойындатып үлгерген өнер орталығы – «САҚ» киностудиясының жұмысымен танысып, студия директоры, режиссер Нуриддин Паттеевке шығармашылық шыңдалу жолындағы жетістіктерімен құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Айта кетейік, жоғарыда аталған 3 фильмді анимациялық жанрда еңбек ететін жалғыз студия – «Сақ» киностудиясы түсіреді. Сонымен қатар, студия жетекшілігі әкім сапары кезінде облыс туризмін насихаттайтын «Көне жетігеннің сыры» атты телехикая сценарийін ұсынды. Тарихи тағылымы мол, табиғаты тамаша Оңтүстік Қазақстан облысы туралы жан-жақты дәріптеуге арналған сериалды өңір басшысы оң бағалап, қолдау білдірді.
Бүгінде «Сақ» киностудиясының қорында 51 анимациялық фильм бар. Құрылғанына биыл 15 жыл толған шығармашылық ұжымда 40 анимация маманы жұмыс істейді.
Жақында ғана киностудия әзірлеген туындылардың ішіндегі «Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмі Египеттегі Каир қаласында өткен «XX Халықаралық анимациялық фильмдердің форумына» қатысып, «Ең үздік толықметражды фильм» жүлдесіне және «Үздік режиссура», «Үздік музыка» номинацияларына ие болып, облысты халықаралық деңгейде дүйім жұртшылыққа танытты.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




