Донордың екі бүйрегі 36 жастағы әйел мен 58 жастағы ер адамға салынды. Олардың екеуі де бірнеше жылдан бері гемодиализдің көмегімен жүрген. Операция сәтті аяқталып, сырқаттар ұдайы дәрігерлер бақылауында тұр.
Қайтыс болған донордың бауыры, жүрегі, өкпесі мен көз жанарлары шұғыл түрде Астанаға жіберілген. Ақтөбе облысында трансплантация операциясын жасау 3 жыл бұрын қолға алынды. Содан бері 24 сырқаттың бүйрек немесе бауыры алмастырылған.
Ерлан Сұлтангереев, облыстың бас хирургі: - Жағдайлары жақсы қазіргі таңда, операция түнімен болды. Тіндері, мүшелері сәйкес келгеннен кейін біз опеарция жасадық, сол уақытта шұғыл жасалатын операция. Қазір жағдайлары жақсы, тиісті ем алып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда адам ағзаларын алмастыру бойынша жылына қанша операция жасалатыны туралы хабарланған болатын.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




