Атыраулық кәсіпкер Орынғали Сариев балаларға қуаныш сыйлаудың ерекше әдісін ұсынды. Шаймардан Сариев атындағы облыстық өнер мұражайында өзі салған 3D кескіндегі фотосуреттер көрмесін жасақтады. Бір қарағанда ешқандай өзгешелігі жоқ секілді көрінгенімен, фото, бейне камераларға түсіргенде, суреттерге жан біткендей әсер қалдырады. Көрменің тартымды тұсы – мұражайға келушілер экспозицияның бір бөлігіне айналады. Мультфильм кейіпкерлері, туған жер табиғаты, ғаламдағы ғажайып құбылыстар көрсетілген жиырмадан астам сурет балаларды ғана емес, ересектерді де қызықтырды. – Алдағы уақытта суреттерді алыстағы ауылдарға да апарып, көрсетемін, – дейді Орынғали Сариев. – Бір айдан астам уақыт облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары көрмені тамашалады. Қызығушылық көп екенін аңғардым, енді осы бағыттағы жұмыстарымды жетілдіріп, тағы да жаңа картиналар салғым келеді. Жас кәсіпкер бұған дейін Махамбет ауданында жарнама агенттігін ашқан. Енді бизнесін кеңейтіп, заман талабына сай жаңалықтар енгізуге ниетті.
ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




