Сәпиев пен Артаев Головкиннің жекпе-жегіне сарапшы болады
- author «Ақ жол»
- 15 наурыз, 2017
- 712
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен дәл осы салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Дэниел Джейкобс арасындағы кездесу 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Елімізде бұл айқасты «Қазақстан» мен «KazSport» телеарналары 19 наурызда 08:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Бұл бокс кешін сарапшы ретінде еліміздің бұрынғы былғары қолғап шеберлері Серік Сәпиев пен Бақтияр Артаев жүргізеді. Өз кезегінде Афина Олимпиадасының чемпионы «Қазақстан» арнасына қатысса, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы «KazSport»-та жүргізеді.
Сонымен қатар, «KazSport» Головкин-Джейкобс жекпе-жегі үшін арнайы екі бағдарлама ұйымдастыруы мүмкін. Мұнда қос сарапшы айқас жайлы өз пікірлерін білдіреді. Оның алғашқысы эфирге сол күні 07:30-да, ал екіншісі бокс кеші аяқтала салысымен өтеді. Бұл кезде Олимпиада чемпиондары жекпе-жек барысындағы басты сәттерді талқылайды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




