Кімдер уақытша тіркеуден босатылады?
Уақытша тіркеуден босатылатын азаматтардың санаты белгілі болды. Бұл туралы ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Facebook-тегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, жаңадан салынған үйлердің құжаты дайын емес, сондықтар тұрғындарды уақытша тіркеуге қою кезінде мәселе туындаған.
Осы жағдайға байланысты Жоғары сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігі арнайы шешім қабылдапты.
«Жаңадан салынған үйлерде тұрып жатқандарды жауапкершілікке тарту дұрыс емес. Осы шешімге сәйкес, облыстардағы көші-қон полициясы бөлімшелеріне тиісті түсініктемелер берілді. Бұған қоса, Үкімет қаулысының жобасына толықтыру енгізілді», - деп жазды Сәдубаев.
Үкімет қаулысы уақытша тіркеуге тұруға міндеттелмейтін азаматтардың санатын қарастырады. Олар:
16 жасқа толмаған балалар; Науқас азаматтар және емделіп жатқандар; Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер; Әскердегі сарбаздар.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді