Джейкобсті жеңген ресейлік боксшы Головкиннің алдағы жекпе-жегі қалай өрбитінін айтты
- author «Ақ жол»
- 15 наурыз, 2017
- 255
Айта кетейік, Пирог 2010 жылдың шілдесінде Джейкобспен кездесіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Америкалықтың әзірге бұл кәсіпқой бокстағы жалғыз жеңілісі.
«Джейкобс біздің жекпе-жектен кейін өзгерді ме? Меніңше, өзгере қоймады. Дегенмен ол көпқырлы боксшы және жекпе-жекті қалай жоспарлағанына қарай әр түрлі тәсіл қолдануы мүмкін. Джейкобстің Головкинмен кездесуіне қатысты айтсам... Менің ойымша, егер мүмкіндік берілсе, ерте ме, кеш пе, ол Геннадийге беріледі және ол оны сәтті пайдаланып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтайды. Бұл менің пікірім. Джейкобспен жұдырықтасқан кезімде ол жігіттің осал тұсы бар екенін түсіндім. Қорғанысы әлсіз және соққыны көтере алмайды», - дейді ол.
Оның айтуынша, Геннадий тәжірибелі боксшы болғандықтан мүмкіндікті мүлт жібермейді. Ал Джейкобс қаша жүріп соққы жасап, «екінші нөмірмен» жұмыс істей біледі.
«Джейкобс бұл жекпе-жекте қандай тәсіл қолданады? Болжау қиын, әрине. Жылдамдықты арттырып, ұпай жинауға ұмтылса керек. Алайда Геннадийдің шеберлігін ескерсек, көп ұзамай Джейкобстің ашық қалған жері табылады. Оған менің жекпе-жегім дәлел. Ол соққыны көтере алмайды. Джейкобс жекпе-жекті қызықты өткізгенді жақсы көреді, бұрышқа тұрып, арқанға сүйеніп алатыны бар. Солай істейтін болса, Геннадий үшін бұл қиын қарсылас емес. Ал егер ондай қадамға бармаса, ең қиыны қашықтықты қысқарту болады», - дейді Пирог.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі Madison Square Garden аренасында Астана уақытымен 19 наурыз күні сағат 8:00-де басталады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді