Наурыздан бастап коммуналды қызмет төлемдерінің қатарына «Жылжымайтын мүлікті сақтандыру» деген санат енді. Оған әр жылжымайтын мүлік иесі 95 немесе 295 теңге көлемінде төлем төлейді.
«Сақтандыру компанияларының бірі бізге келіп осындай төлем түрін енгізуді ұсынды. Бұл туралы барлық мәліметтер квитанцияда жазылған. Біздің ойымызша, бұл төлем түрі қазір тұрғындарға қажет. Мәселен, көршілердің бірінен аққан су екіншісінің төбесіне немесе қабырғасына зақым келтіргенде пәтер иелері соттасып жатады. Ал жаңа қызмет түрлері арқылы сақтандыру компаниялары зақымды жауып бермек», — дейді «ИВЦ» ЖШС директоры Валентина Резникова.
Айта кетерлігі, бұл төлем түрі ерікті, мәжбүрлі емес.
Ай сайын осы сақтандыруға 95 теңге төлеген меншік иесі су аққан кезде немесе өрт болғанда сақтандыру компаниясынан 50 мың, ал 295 мың теңге төлегендер 150 мың теңге өтемақы ала алады.
Бір ескерерлігі, өрт пен судың төгілуіне кімнің кінәлі екені бұл жерде маңызды емес. Бастысы, оқиға болғаннан кейін үш күн ішінде сақтандыру компаниясына үйдің құжаттарын ала барып арыз жазу керек. Одан кейін келтірілген зақымның құны есептеледі. Мұнда тек үйдің төбесі, қабырға мен еденге келтірілген шығын есепке алынады. Жиһаз бен техника шығыны есептелмейді.
Сақтандыру компаниясы одан кейін он күн ішінде өтемақыны аударады.
Тағы бір айта кетерлігі, мұндай сақтандыру тек Алматы қаласында ғана енгізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




