Қазақстандық құрастырушылар қазақ тілін үйренуге арналған Oyan атты бірегей мобильді қосымша ойлап тапты.
«Оның мақсаты — қазақ тілін кітап оқу арқылы меңгеруге мүмкіндік беру», — дейді Zero To One Labs басшысы Арман Сүлейменов.
«Oyan қосымшасының міндеті — қазақ әдебиетін және қазақ тілін енді меңгеріп жүргендер мен тұрғылықты деңгейде білетін адамдар үшін де жеңіл етіп беру. Мектепте оқып жүргенімде әкем Н.Г. Чернышевскийдің ағылшын тілінің грамматикасын бір роман оқу арқылы меңгергенін туралы айтқаны есімде. Шын мәнінде кітап оқу (Jeet Kune Do лингвистикада) грамматиканы меңгеріп, идиоматиялық сөздерді жаттауға септігін тигізетін тәсілдердің бірі», — деді Сүлейменов Facebook желісіндегі өз парақшасында.
Oның айтуынша, қосымшада белгілі қазақстандық авторлар — Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Ыбырай Алтынсарин, Мұқағали Мақатаев, Ілияс Есенберлин, Мағжан Жұмабаев және тағы басқалардың 170-ке жуық кітабы енгізілген.
«Ең бастысы — кез келген сөздің үстінен басу арқылы сол сөздің аудармасын, анықтамасын және қиын сөздердің түсіндірмесі ретінде басқа қолданушылардың қалдырған жазбаларын көре аласыз», — деп түсіндірді Сүлейменов.
Oyan қосымшасын App Store және Play Науket-тен тегін жүктеп алуға болады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта мемлекеттік тілді меңгеруге арналған бірнеше қосымша бар.
Мысалы, Qazaq App қосымшасы ойын түрінде берілген. Онда батырдың Қазақстан қалаларына саяхаты негізделген, әр қала жаңа бір сабақтың бастамасы болады. Тарауды өткеннен кейін батыр Қазақстанды бағындырады. Әр тарау үш бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысы бірнеше сабақтан құралған. Аудармадан бөлек, әр сөзге негізделген суреттер шығады, ол сөзді көру арқылы жаттап қалуға септігін тигізеді. Әр өткен сабақ сайын бауырсақ-ұпайлар беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




