Келер жылдан бастап елімізде АИ-80 маркалы бензин шығарылмайды.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, биыл екінші жартыжылдықта Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталады. Содан кейін елімізде Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай мен дизель отыны шығарылатын болады.
Ал Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін бітуі тиіс. Сондай-ақ, министр елдегі жанармай бағасы халықтың орташа табысына қаншалықты сай келетіндігі жөнінде пікір білдірді.
«Мен халықтың орташа табысы мен бензиннің бағасын салыстырып көрген жоқпын. Бірақ Ресейді алып қарасақ, онда АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы 180 теңгеден асады. Әрине, Еуропамен салыстырсаңыздар, баға басқаша болады», – деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




