ЭКСПО көрмесі кезінде әлемге танымал цирк ұжымы өнер көрсетеді
- author «Ақ жол»
- 14 наурыз, 2017
- 495
«ЭКСПО» көрмесі аясында «Цирк Дю Солей» әртістері жұртшылыққа өнерлерін көрсетеді. Олар эксклюзивті түрде біздің көрмеге орай арнайы шоу дайындады. Бағдарламаның премьерасы 16 маусымда болады. Жалпы біз көрме аумағында 71 шоу бағдарлама ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Яғни цирк ұжымы 3 ай аралығында күн сайын көрермендерді өнерлерімен тәнті етпек. Мақсатымыз «ЭКСПО» халықаралық көрмесін жоғары деңгейде өткізу», - деді ол.
Сонымен Марат Омаров цирктегі бір билеттің бағасы қанша болатындығын атап өтті.
«Цирк ұжымы шоу көрсететін шатырға 2 мың көрермен сияды деп жоспарлап отырмыз. Билеттің құны қанша болатындығын әлі де нақтылау керек. Бірақ, шамамен оның бағасы 4 мың теңге болатын шығар. Бұл әлемдегі ең арзан баға. Ал «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы осы шараға қанша қаржы жұмсағалы отырғандығын айта алмаймын. Себебі, бұл ұлттық компания мен «Цирк Дю Солей» ұжымы арасында жасалған келісімге қайшы келеді», - деп түйіндеді сөзін басшы.
Айта кетейік, «Цирк Дю Солей» ұжымы Астанада 16 маусымнан 10 қыркүйек аралығында өнер көрсетуді жоспарлап отыр.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




