Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық коалициясының

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық коалициясының
ашық дереккөз
Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық коалициясының

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! Еліміз жаңа тарихи дəуірге аяқ басты. Бүгін, 2017 жылғы 10 наурызда Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойып, Қазақстанның саяси, экономикалық жəне əлеуметтік жаңғыруының іргетасын қалады. Мемлекет басшысы бастамалық еткен конституциялық реформаларды бұрын-соңды болмаған кең көлемдегі жалпыхалықтық талқылауы, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі алты мыңнан астам ұсы ныстары, еліміздің жоғарғы заңнамалық органының Негізгі Заңға өзгерістерді жан-жақты қарастыруы мен қабылдауы – бұл Қазақстан халқының азаматтық келісімі мен бірлігінің дəлелді көрінісі, Елбасының елімізді жаңғыртудағы салиқалы саясатын қазақ стандықтардың бірауыздан қолдауының дəлелі. Елбасымыз Парламенттің бірлескен отырысында атап өткендей, конституциялық реформа ең алдымен біздің қоғамды шоғырландыруға бағытталған. Еліміздің Президенті «Үшінші жаңғыру жəне «Қазақстан -2050» даму стратегиясы аясында алға қойған мақсаттардың ауқымдылығы мен күрделілігін ескерсек, Тəуелсіздік, бірлік, тұрақтылық, этносаралық жəне конфессияаралық келісім сияқты іргелі құндылықтардың маңызы тек арта түседі. Негізгі Заңның қағидатты түрдегі маңызды ережесі ол мықты президенттік биліктің сақталуы жəне жаңартылған Конституцияда Тəуелсіз Қазақстанның негізін салушы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тың ерекше рөлін орнықтыру болып табылады. Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Қазақстан табыстарының басты архитекторының үздік басқаруымен біздің республика ширек ғасырдың ішінде бүкіл əлемге əйгілі, тұрақтылық, бірлік жəне қарқынды экономикалық даму орталығы болып табылатын қуатты жəне беделді республикаға айналды. Жаңартылған Конституция бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің одан да тиімді жəне үйлесімді жұмыс істеуіне мықты мүмкіндік туғызады. Экономика саласында Үкіметтің атқарушы өкілеттіктері мен дербестігінің кеңеюі жəне оның жауапкершілігі мен Парламент алдындағы есеп беруі саяси жүйенің тұрақтылығы мен мемлекет дамуының ұзақ жылдық кепілі болып табылады. Парламенттің Үкімет қызметін бақылаудағы өсіп келе жатқан рөлі Үкіметтен ағымдағы жəне стратегиялық жұмыстың сапалы жаңа деңгейін, жоғары заң шығарушы орган, ол арқылы Қазақстан халқы алдындағы ашықтығы мен есеп беруін талап етеді. Мұның Қазақстан экономикасының инновациялық даму мақсаттарына жəне əлемнің алдыңғы қатарлы 30 мемлекетінің деңгейіне жетудегі маңызды мəні бар. Парламент жəне жергілікті өкілетті органдар рөлінің өсуі халық пен билік арасындағы негізгі байланыстырушы тетік, саяси процестер мен қоғамдық талқылаулардың белсенді субъектілері, барлық əлеуметтік топтар мүддесінің өкілі ретінде Қазақстанның барлық саяси партияларының жауапкершілігін жəне даму мүмкіндігін күшейтеді. Саяси жүйені дамытудың Конституцияға енгізілген үлкен əлеуеті еліміздің барлық саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктеріне қосымша талаптарды жүктейді. Еліміздің Ата Заңының дəуірлік жаңғыртылуы қолданыстағы заңдарды ретке келтіру, азаматтық қоғамның жалпы заңнамалық базаны жетілдіруге жəне конституциялық реформаларды одан əрі жүзеге асыруға кеңінен қатысуы бойынша ауқымды жұмыстарды қажет етеді. Біз, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, барлық əлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін жетекші саяси күштер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілетті жəне беделді ұйымы ретінде мемлекеттің барлық азаматтарын қоғамдық келісім мен бейбітшілік, тұрақтылық пен еліміздің дамуы үшін конституциялық реформаларды қолдауға жəне оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз.

«Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, «Қазақстан Республикасының кəсіподақтар федерациясы» республикалық кəсіподақтар бірлестігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кəсіпкерлер палатасы, «Қазақстан кəсіпкерлерінің форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Республикалық əйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның кəсіпкер əйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Жасыл» экономиканы қолдау жəне G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның іскер əйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қауымдастығы, «Қазақстан украиндары радасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі, Астана қалалық демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» коалициясының мүшелері. 2017 жылғы 10 наурыз

Ұқсас жаңалықтар