Энергетика министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің облыс бойынша экология департаментінде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, табиғатты пайдаланушы мекемелердің және кәсіпорындардың өкілдері қатысуымен Экологиялық кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған семинар өтті. Шараны департаменттің реттеу бөлімінің меңгерушісі Юрий Пасечный ашып, жүргізді. Ол 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды әр бап, тармақшалары бойынша түгел қамти түсіндірді. Мәселен, бұдан былай Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатын жобалардың экологиялық сараптамасын қоспағанда, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын болған. Құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасын жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері бойынша беріледі. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс. Ю.Пасечный Экологиялық кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан бөлек, министрлік пен департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Семинарға қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісіп, қойған сұрақтарына нақты жауаптар алды.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- 12 наурыз, 2026
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




