Наурыз мейрамында Өзбекстан президенті Астанада болады
- author «Ақ жол»
- 13 наурыз, 2017
- 624
22-23 наурызда Астанада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев сапармен болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті.
«22-23 наурызда Астанаға Өзбекстан президентінің алдағы сапарынан кейін, Қазақстан елордасына Орталық Азиядағы мемлекеттердің кейбір басшыларының да сапарлары трансұлттық сипаттағы мәселелер алдында елдердің бірлігінің тағы бір дәлелі болатынына сенімдімін»,-деді министр. Осы орайда Қ. Әбдрахманов Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасында екіжақты және көп жақты негізде шешілмеген мәселелер жоқ екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2017 жылғы наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні белгілі болды.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




