Жеңіл жолмен пайда табуды көздейтін алаяқтар әрқашан өз құрбандарын оңай кезіктіріп отырады. Тіпті, жазаланып жатса да бұл кәсібінен айырылғысы келмейтіндері де бар. Солардың бірі Байзақ ауданының тумасы Г.Ортаева өткен жылы аудандық соттың үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда, заң талабында көрсетілген, яғни, бас бостандығынан айырмай шектеу тағайындағанның өзінде қылмыскер оң нәтиже шығармай, адамдарды алдаумен қайта айналысқан. Ол «Ақжар ауылында орналасқан әскери бөлімге жұмысқа тұрғызамын, ол жерде ағам басшы болып қызмет атқарады» деп жалған айтып, тоғыз адамның басын айналдырып, әрқайсысынан 100-200 мың теңге көлемінде ақша алып, өзінің жеке бас пайдасына жаратып жүрген.
Жәбірленушілер бірнеше ай бойы келіншектің уәдесіне сенгенімен, ақырында одан күдерлерін үзіп, аудандық ішкі істер бөліміне арызданған. Сол негізде Қылмыстық кодекстің 177-бабы 2- бөлігі «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған. Ағымдағы жылы өткен сот барысында қылмыскер өз кінәсін толық мойындап, аудандық соттың үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның асырауындағы жасөспірім балаларының болуына қарамастан, әділ жаза тағайындады. Өйткені, ол сот процесі болып жатқан кездің өзінде қылмыстық әрекетін тоқтатпай, тағы бір азаматтан дәл осындай жолмен жүз мың теңгесін иеленіп кеткен. Сөз соңында, азаматтарға түрлі уәделер беріп, пайда таппақ болып жүрген алаяқтардан сақ болғайсыздар, дегіміз келеді.
Болатхан ҚАЛЫБАЕВ, Байзақ ауданы прокурорының аға көмекшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді