2-ші сынып оқушыларына арналған бірыңғай оқулық енгізіледі
- author «Ақ жол»
- 13 наурыз, 2017
- 472
Қазір сала мамандары әр пән бойынша оқулықтарды іріктеп жатыр. Ол үшін 126 мұғалімнен тұратын арнайы комиссия да құрылған. Олар апта бойы 2-ші сынып оқушысына неғұрлым түсінікті болатын кітаптарды саралап, мұқабасына безендірілуі мен салмағына да мән беріп отыр. Талқылау жұмыстарына ұстаздардан бөлек, ата-аналар да қатысқан. Енді республикалық комиссияның отырысында нақты шешім қабылданады.
Айта кетейік, былтырдан бастап 1-ші сынып бірыңғай оқулықпен қамтамасыз етілді. Бұл шара жыл сайын кезең-кезеңімен іске асырылады. Ал, 2020 жылдан бастап 5 пен 9, 2022 жылы 10 мен 11-ші сыныптарға бірыңғай оқулық енгізу көзделіп отыр.
«Комиссияның құрамына Қазақстанның түпкір-түкпірінен жоғарғы оқу орындары бар, мектептегі практик мұғалімдер бар, Парламент депутаттары бар, мемлекеттік емес ұйымдар бар, мына ата-аналар тарапынан жан-жақтан мүшелер енгізіліп отыр. Сондықтан бұл оқулықтарды бағалауда сондай бір әділ жұмыстың жүргізілуіне оңтайлы жағдай туғызып отыр», - дейді профессор Владимир Шнайдер.
«Бірнеше баспаның оқулықтары ұсынылып жатыр. Сол оқулықтардың бәрін қарай отырып, енді бүкіл еліміз оқитын оқулық болғаннан кейін, ол балаға түсінікті тілде әрі жеткілікті дәрежеде білім беруі үшін біз соған нақты шынайы көзқараспен қарап жатырмыз. Себебі біздің шешімімізден еліміздің болашағы шешілейін деп тұр ғой. Сондықтан таңдау өте қиын», - дейді пәндік комиссияның мүшесі Сағадат Мейірмановна.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




