Қазақстандық бразилиялық джиу-джитсу бойынша Орталық Азиядағы тұңғыш қара белбеу иесі атанды
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2017
- 732
Рио-де-Жанейроға ҚХА қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстан бразилиялық джиу-джитсу фелерациясы өкілдерінің іскерлік сапары барысында тарихи оқиға орын алды. Қоңыр белбеу бойынша әлем чемпионы Арманжан Рузахунов Қазақстан мен Орталық Азия тарихында алғаш рет бразилиялық джиу-джитсуден қара белбеу иегері атанды. «Бразилияда қара белбеу алу, бұл ретте джиу-джитсу аңызына айналған қара белбеу арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы, сонымен қатар дүниежүзілік Alliance негізін қалаушы әрі менің ұстазым Алишандре Пайваның атестаттауынан өту үлкен құрмет әрі мақтаныш. Бұл жеңісті еліме, халқыма, Президентке арнаймын!», - деді Арманжан Рузахунов. Салтанаттты рәсімде республикалық джиу-джитсу федерациясының вице-президенті, ҚХА мүшесі, аты аңызға айналған Алишандре Пайваға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс еткен промоутер Рустам Абдусаламов сөз сөйледі. Ресми атестаттау рәсімінен кейін команданың тағы бір мүшесі, ШҚО мәслихатының депутаты Айдос Серікқалиұлы да аттестатаудан өтіп, көк белбеу алды. Делегация өкілдері өзара ынтымақтастық, ЭКСПО аясында ірі халықаралық турнир өткізу мүмкіндігі мен Қазақстандағы бразилиялық джиу-джитсуды одан әрі дамыту перспективалары туралы келіссөз жүргізді.

ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




