ҚР Қорғаныс министрлігі қызмет бабында зор жетістікке жеткен әскери қызметшілерді марапаттауға арналған «Ел қорғаны» медалін бекітуді ұсынды.
«Бұл медальмен ерекшеленген әскери қызметшілерді, генералдар құрамын, офицерлерді, сержанттарды және жауынгерлерді марапаттауды жоспарлаудамыз. Бұған қоса, Қарулы күштеріміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосқан ел азаматтары да марапатталатын болады», - деді ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов. Еске сала кетсек, бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткен болатын. БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере келе министр бұл ұсынысты Мемлекет басшысы қолдап отырғандығын баса айтты. 1 және 2-дәрежелі болатын бұл медальді үстіміздегі жылы еліміздің Қарулы күштерінің 25 жылдық мерейтойында табыстау көзделген. «Меніңше, бұл өте дұрыс қадам. Біздің қатардағы жауынгерлерімізден бастап генералдарымызға дейін өздерінің әскери қызметтегі айрықша қызметі үшін берілетін ведомстволық медальға ие болады», - деді ол.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




