«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Аукционнан айналып өткен әкімдіктер

Аукционнан айналып өткен әкімдіктер
ашық дереккөз
Аукционнан айналып өткен әкімдіктер
Немесе 32 019,1 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды

Облыс прокуратурасы игерілмеген, заңсыз берілген жерлерді қайтару бойынша қолданылған шаралардың тиімділігі мен осы санаттағы жерлерді мемлекеттің қажеттілігі үшін алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың қызметіне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында заңсыз аукциондар өткізу, конкурссыз жер учаскелерін ұсыну, жалға алу құқығынсыз жерді беру, нысандардың құрылысы үшін жерлерді беруде заңнама талаптарын бұзу арқылы актілер қабылдау, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, шарттарды жасау тәртіптерін бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 26-бабындағы талаптар бұзылып, облыстың 300-ден астам елді мекенінде қала құрылысын жоспарлау туралы кешенді сызбалар болмағандықтан, жер учаскелерін заңсыз беру және олардың нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты жіберілген олқылықтар әшкереленді. Жуалы, Меркі және Шу аудандарының әкімдіктерінің конкурс өткізбей жер учаскелерін беру деректері анықталды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде Тараз қаласы мен Талас ауданында жер заңнамаларын бұза отырып берілген 20-дан астам жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Нысандардың құрылысы үшін жер беруде де көптеген заң бұзушылықтар орын алған. Тараз қаласы, Қордай және Жуалы аудандары әкімдіктерінің 30-дан астам актілері прокурорлық актілермен қалыпқа келтірілді. Мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін алуда да біршама заң бұзушылықтар анықталды. Жер учаскелерінің құнын негізсіз көтеру, негізсіз төлеу жайттары бойынша прокуратура органдары 140 891 000 теңгенің 4 талап арызын енгізді. Оның ішінде 120 миллион теңгені құрайтын 3 талап қанағаттандырылса, 320 306 192 теңгеге 7 сараптама тағайындалды. Жер қорын басқару комитетінің облыс бойынша аумақтық жер инспекциясы қызметінде уәкілетті органның жұмысы тек болмашы бұзушылықтарды айқындаумен ғана шектеліп, мемлекеттік мүлікті қорғауға байланысты шаралар қолданылмайтындығы белгілі болды. Жалпы, осы тексерудің қорытындысында 21 ұсыныс қаралып, 24 наразылық қанағаттандырылып, 34 акті бұзылды. 26 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, оның ішінде үшеуі сыбайлас жемқорлық бойынша. Мемлекеттік қорға 84 405 456 теңге көлеміндегі қадастрлық құны бар 32 019,1 гектар жер қайтарылды.

Қуанышбек ҚАРТАҢБАЙҰЛЫ, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры.

 

Ұқсас жаңалықтар