Астанадағы индустриалық бақта еліміздегі отандық өндірушілерді қолдау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аумағында орналасқан "Астана Ютария" ЖШС өндіріс орнында пресс-тур ұйымдастырылды.
Заманауи экономикалық жағдайда «Жасампаз» консорциумының қатысушылары қолданыстағы өндірістерді кеңейтіп, сондай-ақ жаңаларын ашу мақсатында өздерінің инвестицияларының арқасында жоғары сапалы және бәсекелес өнімді шығару үшін импортты алмастыру мен отандық кәсіпорындарды бірктіру жобасын жүзеге асыруды бастады.
"Жасампаз" консорциумы отандық өндірушілердің басын біріктіріп, "Қазақстанда жасалған" маркасын дамытудың жоғары үлгісін көрсетіп келеді.
Консорциумның мүшелерінің арасында әскери амуниция, шұлық-ұйық бұйымы мен басқа да пішінді киім өндірісімен айналысатын өндірістік компаниялар басым.
«Жасампаз» консорциумының басты компанияларының бірі өнідірістің жабық циклын жүзеге асыратын «AZALA Textile» ЖШС-гі. Өндіріс 600 аса адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оның экспортта 10-жылдық жұмыс тәжірибесі бар.
"Біз «AZALA Textile» брендімен тауар өндіруші бірден бір компаниямыз. Қазақстан мақтасын өндіруден бастап, дайын матадан киім тігуге дейінгі барлық қызметті халыққа ұсынып келеміз. Алдағы мақсатымыз қазақстандық тоқыма өнімдерін ТМД, Қытай, Еуропаға экспорттау. Өндірісте тігу, иіру, тоқу, бояу қатарлық қызметтер атықарылады" - дейді ЖШС директоры Гүлнара Сыдықбекова.
Мұнан бөлек, «KAZPLAST» ЖШС Шымкент кәсіпорнында түймелер, фиксаторлар, карабиндер шығарылады. «Семипалатинская обувная компания» ЖШС мен «Карагандинская обувная компания» ЖШС аяқ-киім өндіреді. «Саяхат-Сервис-Юг» ЖШС қалыңдығы, ұзындығы мен ені әр түрлі жылытқыштар өндіреді, ал «ЮНИС» ЖШС трикотажды бұйымдарды шығарады.
2016 жылғы жұмыстың қорытындысы бойынша «Жасампаз» консорциумының салықтық түсімдері мен міндетті төлемдері 40%-ға артып 5000 аса жұмыс орны сақталып, шикізаттағы Қазақстан үлесі 45%-ға дейін көтерілген.
Инвестициялық бағдарламаның қорытындысы бойынша 2016 жылы бірлестік қатысушылары 2 миллиардтан артық өз қаражатын өндірістің жаңаруы мен жаңаларының пайда болуына қосқан.
Инвестиция бойынша бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізілген.
«AZALA Textile» ЖШС арқылы заманауи тоқыма және бояу құрылғылары алынған, бұл өнімнің ассортименті мен сапасын арттыруға әсерін тигізеді. Құны үстінен көтерілген өнімнің еліміздің ішкі нарығына шығарылуы 2016 жылы 50%-ға дейін артты.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




