Қазақстан тұрғынында бірнеше пәтердің құнына тең автомобиль бар
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2017
- 594
Қазақстанда 1970 жылға дейін шығарылған 20 мың 726 жеңіл автокөлік тіркелген.
Одан бөлек елімізде 507 лимузин мен жоғары сапада жабдықталған 123 автомобиль тіркеуде тұр. 78 Rolls-Royce, 32 Maybach, 12 Lamborghini және бір Bugatti Veyron сынды люкс санаттағы көліктер бар.

kolesa.kz сайтының мәліметіне жүгінсек, 1979 жылғы Rolls-Royce-тің құны 17 млн. теңгеден басталады. Ал 2016 жылы шыққан Wraith Sternenhimmel Traumkombination-тың құны 180 млн. теңге. Maybach – 17-60 млн. теңге, Lamborghini – 16 – 278 млн. теңгеге, 2014 жылғы Bugatti Veyron 1 млрд. 700 млн. теңгеге бағаланған.
Ретро-автомобильдерге қатысты 250-ден астам хабарландыру жарияланған. Мұндай стильдегі ескі көліктердің бағасы бірнеше миллион теңгеге дейін бағаланады. Мәселен, 1950-1960 жылдары шығарылған «Волга» және «Москвич» көліктері 150 мың теңгеден жоғары бағада тұр.

1964 жылғы «Волга» ГАЗ-21, бағасы -5,1 млн. теңге

1961 жылғы «Волга» ГАЗ-21, бағысы -5 млн. теңге

1958 жылғы Москвич 407, бағасы- 3,6 млн. теңге

1954 жылғы Москвич 401, бағасы -3 млн. теңге

Мұнымен қоса, 1948 жылғы «Победа» ГАЗ 20 машинасы 6,5 млн. теңгеге ұсынылып отыр.
1911 жылғы Ford-тың бағасы 4,3 млн теңгеге бағаланған.

Ал 1952 жылы құрастырылған «ЗИЛ-110» автокөлігі үшін иесі 160 млн. теңге лайықты баға деген пайымға келген.
Жалпы, елімізде 4 млн. 425 мың 770 көлік құралы тіркеуде тұр. Оның ішінде 3 млн. 845 мың 301-і жеңіл автомобильдер. Осы арқылы 1 мың адамға шаққанда 250 көліктен келеді екен.
ақпарат көзі: stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




