21 сәуір күні Владивостокта аралас жекпе-жек шебері, «Alash Pride KZ» кәсіби жекпе-жек клубының мүшесі Қуат Хамитов (70,3 келіге дейін) Fight Nights нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Магомедсайгид Алибековпен айқасады.
Бұл туралы «Найман» лақап атымен танымал отандық спортшымыз Инстаграмдағы өзінің жеке парақшасында жазды. Алибеков - әскери қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері атағына кандидат, ММА бойынша спорт шебері, әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша РФ Қарулы күштерінің екі дүркін чемпионы, әскери қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы, ММА-дан Алысшығыс федералды округі чемпионатының жеңімпазы, грепплингтен Ресейдің күміс жүлдегері. Хамитов пен Алибековтің салмақтары шамалас - 70 келіден. Магомедсайгид Қуаттан екі жас кіші, ол - 27 жаста. Алибеков бүгінгі күнге дейін 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 2001 жылдың мамыр айынан бергі Хамитовтың статистикасы - 17-4-1.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




