Алматыда Еуразия технологиялық университетінің жанынан «Start-Up академиясы» ашылды. Бұған дейін мұндай білім ошақтары Павлодар, Атырау мен Астанада да ашылған еді.
«Еуразия технологиялық университетінің жанынан құрылған «Catapult» атты Start-Up академия құру кәсіпкерлердің жаңа легін жасақтауда және отандық жаңа жобаларды дамытуға жасалған жаңа қадам. Академия АҚШ үкіметі үшін даярланған коммерцияландыру бағдарламасының авторы Томас Селуччидің әдістемесі бойынша жаңа стартаптарды іздеп, таңдап, дамытумен мақсатты түрде айналысатын болады. Start-Up академия Алматы қаласында smart-технологиялар мен инновациялардың дүниеге келуіне және кәсіпкерлік орта қалыптасуына өз үлесін қосатын болады», – дейді Еуразия технологиялық университетінің ректоры Нұржамал Дүйсенқұлова. Жалпы, Астана, Павлодар, Атырау қалаларындағы Start-Up академияларда 2016 жылдың қыркүйегі мен желтоқсан аралығында 102 адам оқып, 17 жобаға бизнес-идея табудан бастап жүзеге асырылуына дейінгі сүйемелдеу жасалған. Олардың ішінде 4 жоба инвестицияланды.
ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




