«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бакуде дзюдошылар арасында «Grand Slam» турнирі басталды

Бакуде дзюдошылар арасында «Grand Slam» турнирі басталды
ашық дереккөз
Бакуде дзюдошылар арасында «Grand Slam» турнирі басталды

Әзербайжан астанасы Бакуде кеше «Grand Slam» халықаралық турнирінің жеребесі тартылды.

Әлемнің 31 елінен 183 спортшы қатысатын бұл додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 14 дзюдошы ел намысын қорғайды. Жарыстың бірінші күнінде спортшылар бес салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Сонымен, бүгін мына салмақ дәрежесіндегі спортшылар бақ сынайды:

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг

Ерлер: -60 кг, -66 кг

Аталған салмақ бойынша бүгін Қазақстаннан 7 спортшы татамиге шығады.

Жеребе бойынша 60 келіде «А» тобына түскен Ғұсман Қырғызбаев алғашқы айналымда венгриялық Сзабо Шабумен белдеседі. Оны ұтқан жағдайда Рио Олимпиадасына қатысқан, жергілікті балуан Орхан Сафаровпен күш сынасады. Осы салмақта «В» тобына түскен тағы бір жерлесіміз Рүстем Ибраев Қырғызстанның жас спортшысы Сағынбайұлы Байаманмен кездеседі.

66 келіде отандасымыз Ғабит Есімбетов грузиялық Гюнашвили Лашамен күреседі. Дәл осы салмақтағы екінші спортшымыз Құмар Күзембаев Молдованың жас дзюдошысы Виеру Дениспен кездеседі.

Ал 52 келідегі бұрымды балуанымыз Айкүнім Түйтекова венгриялық Поп Рикамен белдеседі.

57 келідегі Анна Казюлина бірінші болып жергілікті балуан Шахин Лейламен күреседі. Оны ұтқан жағдайда екінші отандасымыз Сервера Нышанбаева екеуі ширек финал үшін жолдамаға таласады.

Айта кетейік, халықаралық «Grand Slam» турнирі 10-12 наурыз күндері 12:00-де өтеді.

Ұқсас жаңалықтар