Қызықты зерттеуді бірнеше жыл бұрын Оксфорд университетінің ғалымдары жүргізген. Олар қағаз ақшада қандай зиянды микробтар болатынын анықтаған. Европа елдерінің банкноттарында орта есеппен 26 мың бактерия өмір сүретіні анықталған.
Олардың ішінде «экологиялық таза» деп евро (11 000 ), норвегиялық крона (11 700) мен британдық фунт стерлинг (18 000) танылды. Бұларда бактериялардың аз болуының себебі аталған банкноттарды шығарар кезде микробтарға қарсы арнайы затпен тазалайды. Микробиологтар қағаз ақшада ішек таяқшалары, сүзек, туберкулез бен тері ауруларын тудыратын бактериялар бар дейді. Сондықтан ақша ұстаған соң қолыңызды міндетті түрде сабындап жуыңыз. АҚШ долларының 90% -да бұл бактериялармен қатар кокаин бөлшектері де болатыны анықталды. Қайткенде банкноттардың адам денсаулығына зиянын жоюға болады деген сұраққа қазіргі таңда көптеген елдердің ғалымдары жауап іздеуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




