Оңтүстік Қазақстанда мереке күні 205 сәби дүниеге келді
- author «Ақ жол»
- 9 наурыз, 2017
- 664
Оңтүстік Қазақстан облысында 8 наурыз күні 205 нәресте туылған. Дүние есігін ашқан сәбилердің көпшілігі – ұл бала. Арасында 2 егіз де бар.
Мереке күні қос қуанышқа кенелген аналарды облыстың бас дәрігері арнайы құттықтады. Жалпы өңірде дерттің алдын алу мен жүкті әйелдерге дер кезінде көмек көрсетудің арқасында ана өлімі былтыр 30,5 пайызға төмендеген. 3 миллионға жуық халқы бар облыста жылына 80 мың бала дүние есігін ашады. Елімізде дүниеге келетін әрбір төртінші сәби оңтүстікте туылады. Облыста көп балалы отбасылар саны да жыл санап артып келеді.
Мереке күні алғаш ана атанған жанның бірі – Жансая Мырзабаева.
“Туған кезде барлық қиындықты ұмытып кеттім. Өте бақыттымын осындай ұлды болғаныма, Құдайға шүкір. Құштарлана, мейіріммен емізіп, оның иісін айта алмаймын. Ол әлемде жоқ сезім. Барлық аналарға ана бақытын тілеймін”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Жансая Мырзабаева.
“Биылғы жылы облыс бойынша барлық мекемелерге ана бөлімі, емдеу бөлімдерін түгелдей медициналық құралдармен 100 пайыз қамтамасыз етеміз. Одан бөлек ана өлімін азайту мақсатында Сарыағаш пен Шымкент қаласында бір-бір перинаталдық орталық салу мәселесін көтеріп жатырмыз”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




