72 жасында алғашқы перзентін босанған кейуананың қуанышы қойнына сыймай жүр
- author «Ақ жол»
- 9 наурыз, 2017
- 311
Үндістандық кейуана 72 жасында босанып, қатты қиналғанын айтып жатыр. Бүгінгі таңда оның 11 айлық ұлы еңбектеп жүр. Кейуана денсаулығының сыр бергеніне қарамастан, бақыттан басының айналып жүргенін жасырмайды.
Пенджаб аймағының тумасы 73 жастағы Дэлджиндер Кор алғашқы перзентін былтыр ғана босанды. 11 айлық ұлы дәл қазір жер бауырлап еңбектеп жүр. Кейуана қартайғанда босанып, денсаулығының сыр беріп жүргенін жасырмайды. Бүгінде буындары сырқырап ауырады екен.
«Қан қысымым тұрақты емес. Тез шаршап қалатын болып жүрмін. Осы күнге дейін бірнеше дәрігерге қаралдым. Олар дәрі-дәрмек беріп, диета тағайындайды. Қазір Арман үшін алаңдап жүргенім рас. Себебі, мен өзімнің де, оның да денсаулығына қарайлауым тиіс. Кейде екеуіміздің де жер бауырлап еңбектеп кететін кездеріміз болады. Тізем қатты ауыратындықтан, оны көтеруге қиналамын. Оның салмағы мен ойлағаннан да ауыр сияқты. Осыған қарамастан, мен шексіз бақыттымын”, – дейді кейуана.
Дэлджиндер өзінің алғашқы перзентін 46 жыл отасқаннан кейін туып отыр. 80 жастағы жолдасы Мохиндер Сингх Джилл ЭКО жасауға өз рұқсатын берген екен. 43 жастағы дәрігер Анурэг Бишнои оларға балалы болуға көмектескен.
Арман Сингхтың салмағы туған кезде 1,5 кг болған. Арада 11 ай өткеніне қарамастан оның салмағы 7 килограммға енді ғана жуықтап отыр.
«Негізі оның салмағы бұдан да көп болуы тиіс. Оған тіпті жөргек шақ келмейді. Дәрігерлер оның тек табиғи жолмен салмақ жинағанының дұрыс екенін айтып жатыр. Бәлкім мен оны омыраудан ерте шығарғандықтан осындай арық шығар. Сүтім шықпаған соң, оны үш айынан бастап емізбеген болатынмын. Ұлым ұйықтаған кезде менің де жаным жай табады. Отағасы екеуіміз қартайғандықтан, түрлі ауруға шалдықтық. Бірақ біз қиындықтың барлығын баламыз үшін жеңуіміз керек.
Жұмыстың көп бөлігін мен атқарамын. Алайда әкесі де қолынан келгеннің барлығын жасайды. Оны барлығымыз жабылып қарап жатырмыз десек те болады. Мен оны сондай жақсы көремін. Ол барлығына күлімсіреп қарап, құшақтайды. Сол себепті, көпшілік ортада баламен жүруге қиналмаймын. Бар уақытымды ұлыммен бірге өткіземін. Мен үй шаруасымен айналысқанда ол әкесінің жанында болады. Жолдасым 19 сәуір күні Арман бір жасқа толғанда, оны ғибадатханаға апарып, Құдайдың батасын алмақ. Бұл – бізге Құдайдың берген сыйы», – дейді 73 жастағы кейуана.
ақпарат көзі: stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді