Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша пойыздар жолға шығады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ таратқан мәліметтерге сәйкес қосымша пойыздар мына бағыттарда қатынайды: №154/153 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы 18 наурыз күні Астанадан шығып, 19 наурызда Алматыға жетеді (бір бағытта ғана); №157/158 «Алматы-2-Астана» жолаушылар пойызы Алматыдан 18 наурызда шығып, Астанаға 19 наурызда келеді (1 рейс); №160/159 «Алматы-Павлодар» жолаушылар пойызы Алматыдан 19 наурызда шығып, Павлодарға 21 наурызда жетеді (1 бағытта ғана); №155/156 «Алматы-2-Арыс-1» жолаушылар пойызы Алматыдан 17 наурызда шығып, Арысқа 18 наурызда барады (1 рейс).
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




