Таразда жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтеді
- author «Ақ жол»
- 9 наурыз, 2017
- 227
30 наурызда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жас ғалым 2017» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Бұл туралы аталған оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан мәлім етті.
Оның айтуынша, алтыншы рет ұйымдастырылғалы отырған алқалы жиынға Қазақстанның барлық аймағындағы жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысады. Сондай-ақ, шараға отандық және шетелдік арнайы білім беру мекемелерінің қызметкерлері де шақырылған. «Жастардың шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау мен оны кең көлемде жариялауда, олардың тұлғалық дамудың тәсілі ретіндегі жобалық зерттеу іс-әрекеттеріне тартуда және білім беру үрдісінің тиімділігін көтеру мен қолданбалы ғылымға деген қызығушылықтарын дамытуда осы тақілеттес жиындардың маңызы зор», - дейді Жандар Асан. Ақпараттық-имидждік қызмет жетекшісінің сөзіне қарағанда, биылғы конференция гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары секциялары бойынша өткізіледі. Жиын барысында қазақстандық жас ізденушілердің ғылыми жетістіктерінің көрмесін өткізу, отандық және шетелдік ғалымдардың жастарға арналған шеберлік сыныптарын жүргізу жоспарланған. «Конференцияға келіп түскен материалдар негізінде арнайы жинақ шығару көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде еліміздегі ізденуші жастарға, ғылыми жұмыстармен айналысатын ғалымдарға және инновациялық даму стратегиясын жоспарлап, жүзеге асырушылар үшін маңызды теориялық және әдістемелік көмекші құрал болмақ», - деп атап өтті ол. Айта кетейік, педагогикалық оқу орны конференцияны еліміздегі жас ғалымдардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін екі жылда бір рет ұйымдастырады. Биылғы кеңес ТарМПИ-дың 50 жылдығына арналып отыр. Конференцияның басты мақсаты - жас ғалымдардың жасампаздық әлеуетін дамыту, оларды заманауи ғылымның маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде тарту, ғылыми білім беру кеңістігін дамыту. Сондай-ақ, жиынның тағы бір көздегені ізденушілердің өзара байланыс орнатуларына, тәжірибе алмасуларына ықпал жасау. Жалпы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында бірқатар кешенді шаралар жоспарланып, іске асырылуда.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді