Маңғыстауда 67 жастағы апа “Газель” көлігімен жүк тасып жүр
- author «Ақ жол»
- 9 наурыз, 2017
- 666
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының тұрғындары “Газель” тізгіндеген әжейді күн сайын көреді.
67 жастағы Несіпхан Садырова тәулік бойы жеке жүк тасымалымен айналысады. Өзі теміржол қоймасында тауар қабылдап алып, керекті жерге өзі жеткізіп береді.
“Ол біздің бөлімнің анасы. Бізбен бірге 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Қойылған тапсырмаларды керемет орындайды. Оған қызметкерлер де, клиенттер де риза. Біз ол кісіден тәлім аламыз”, – дейді қойма меңгерушісі Нұрия Нұрымова.
Несіпхан Садырова өз өмірін көліксіз елестете алмайды. Темір тұлпар тізгіндегелі бері де 30 жылдан астам уақыт өте шығыпты. Басында хат, нан тасыса, қазір облыстық теміржол қоймасына келетін тауарларды тасымалдап жүр.
Ол сондай-ақ, көлікті құр жүргізіп қана қоймай, оның істен шыққан жерін қалпына келтіріп, темір моторды шашып-жинаудан алдына жан салмайды.
“Мен өз көлігімді жақсы көремін. Ол үлкен әрі сыйымды. Мінезі де қалыпты. Адамдар маған көп ретте менің жасыма байланысты сұрақтар қояды. Неге үйде отырмайды деп жаны ашитындары да бар. Ал мен денсаулық бар кезде қоғамға пайдалы іс жасау керек деп ойлаймын”, – дейді Несіпхан Садырова.
Қарт автожүргізуші өз өміріне риза. Бала сүйіп, немеренің де қызығын көріп отыр. Сүйікті жұмысы мен бірлігі жарасқан ұжымы бар. Ол табиғатынан асып кетпей әйелге тән сәнді киім киіп жүреді.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




