СҚО әкімі мереке қарсаңында ҰОС-ға қатысқан аналарға сыйлық жасады
- author «Ақ жол»
- 7 наурыз, 2017
- 767
Әуелі Ұлы Отан соғысының ардагері Елена Макарованың үйіне барған өңір басшысы ардагерге ұрпақ болашағына жасаған ерен еңбегі үшін алғысын білдіріп, теледидар сыйлады.
Елена Макарова майданға 1942 жылдың мамыр айында шақырылды. Ол Отанымызды 2-ші Балтық майданында шабуылшы әуе полкінде қорғады.
Соғыстан кейін 34 жыл бойы облыстық қорғаушылар алқасында қызмет етті.
2 дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденімен «Германияны жеңгені үшін» медалімен және өзге мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Мұнан соң Ерік Сұлтанов Ұлы Отан соғысы жылдары ауылдастарымен бірге егістікте жұмыс істеген тыл қызметкері мен көпбалалы ана Орынтай Мұқышеваның үйіне ат басын бұрды.
Орынтай апа 13 бала тәрбиелеп, отбасын асырап, балаларды көтеру үшін фермада сауыншы, мектепте қызмет атқарды.
«Алтын алқамен» және ҰОС жылдары тылдағы жанкешті еңбегі үшін медалімен марапатталған.
Өңір басшысы тыл қызметкерінің фашистік Германияны жеңу үшін қосқан үлесін атап өтіп, алғысын білдірді. Облыс әкімі атынан Орынтай апаға да теледидар табысталды.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




