Универсиадада 5 медаль еншілеген шаңғышы ару Анна Шевченкоға екі бөлмелі пәтер берілді - Павлодар
- author «Ақ жол»
- 7 наурыз, 2017
- 516
Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындарының бес мәрте жүлдегері атанған шаңғышы Анна Шевченкоға Павлодар облысының әкімі жас спортшылармен кездесу кезінде екі бөлмелі пәтердің сертфикатын табыстады.
«Біз сіздің әрбір жарысыңызды қарап, жанкүйер болдық. Қазақстан құрамасының қоржынына бес бірдей медаль сыйлап, бәрімізді қуанышқа бөлегеніңізге рахмет. Тығыз дайындық жұмыстарына қарамастан, уақыт бөліп келгеніңіз үшін де алғыс білдіремін», - деді Болат Бақауов. Анна Шевченко пәтер алу өзінің арманы екенін айтты. «Бүгін тағы бір арманым орындалды. Маған қолдау танытқаныңыз үшін рахмет. Алғашқы жүлдемді алған соң маған облыс әкімі хабарласып жатыр деп тұтқаны берген кезде, қалжың деп ойлаған едім. Дегенмен көңіл сүйсіндірерлік іс болды», - деді шаңғышы. Айта кетейік, XXVIII қысқы Универсиада ойындарында Павлодар облысынан 10 спортшы өңір намысын қорғап, 11 жүлде ұтып алды. Анна Шевченко үш қола, бір күміс және бір алтын медаль еншілеп, бір Универсиадада бес рет тұғырға шыққан тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




