БҒМ "Білім-инновация лицейлері" туралы мәлімдеме жасады
- author «Ақ жол»
- 7 наурыз, 2017
- 511
ҚР Білім және ғылым министрлігі "Білім-инновация лицейлерінің" толықтай қазақстандық білім беру мекемелері екендігі туралы, сондай-ақ олардың өз қызметін қалыптасқан жағдайда жалғастыратыны туралы ресми мәлімдеді.
"Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныктың 2 наурыз күні қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркияның білім министрлігі басқаруына өтетіндігі туралы айтқан болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараның болу ықтималдығының өзін ресми түрде жоққа шығаратыны туралы мәлімдейді. ҚТЛ "Білім-инновация лицейлері" болып қайта құрылып, қазақстандық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді", - делінген мәлімдемеде. Сонымен қатар, алдағы уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша бірігіп мәлімдеме жасайтыны айтылады. Ал оған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды Түркия елшісінің жасаған мәлімдемесі бойынша алаңдамауларын сұрайды. "Білім-инновация лицейлері" жұмысының әдеттегі тәртібі өзгеріссіз қалады. "Білім-инновация лицейлері" - жұртшылық арасында жоғары бедел мен құрметке ие болып отырған білім беру мекемесі. Қазақ-түрік лицейлерінің бәрі 2016 жылы "Білім-инновация лицейлері" болып қайта құрылған.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




