Қарағанды облысында тұрмыстық мақсатта пайдалануға арналған метан өндіріледі
- author «Ақ жол»
- 3 наурыз, 2017
- 552
Екінші жартыжылдықтан бастап Қарағанды көмір бассейнінде шахталық метан өндіріле бастайды. Мұны алдағы уақытта отын-энергетика саласында арзан әрі жарылу қаупі жоқ газ ретінде қолданады.
«Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары Сергей Касимов геологиялық саланың даму келешегі туралы жиналыста өңірде көмір қыртыстарынан метан өндіру жөніндегі екі жобаның жүзеге асырыла бастағанын хабарлады. «Бұл жобалар Шерубай-Нұра және Талдықұдық аумағында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асуда. Атап айтқанда, Шерубай-Нұрада 8 ұңғыма- оның бесеуі тәжірибе-өнеркәсіптік және үшеуі барлау мақсатында бұрғыланды. Алынған газ сынамалары халықаралық зертханаларға жіберіліп, аумақтың келешегі бар екені расталды», - деді Касимов. Бұл аумаққа қызығушылық танытқан «ҚазТрансГаз» АҚ қазіргі уақытта метан өндірудің техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, оның қорын есептеп жатыр. «Есептер биыл екінші тоқсанның соңында дайын болуы тиіс. Нәтижелерді алған соң, «ҚазТрансГаз» АҚ Шерубай-Нұра аумағының жер қойнауын пайдалану құқығын алу мәселесін қарастырады. Талдықұдық жеріне келер болсақ, онда инвесторлардың бірі бұрғыланған ұңғымаларды меңгеру жұмыстарымен айналысып жатыр. Онда 1 миллиард 700 миллион текше метр метан қоры бар екені анықталды», - деп баяндады Сергей Касимов.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




