Сенсация: Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түрін емдей алатын дәрі ойлап тапқанын мәлімдеді
- author «Ақ жол»
- 3 наурыз, 2017
- 255
Ресейлік ғалымдар қатерлі ісіктің барлық түрін емдейтін дәрі ойлап тапқанын және ғарышта сынақтан сәтті өткізкенін мәлімдеді. Бұл емдік препарат үш-төрт жылда науқастарға беріле бастайды. Бұл туралы "Известия" газетіне Федерал медико-биологиялық агенттігінің аса таза препараттар Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының директорының орынбасары Андрей Симбирцев айтып берді. Басылымның мәліметінше, бұл препарат биотехнология арқылы жасалған және қатерлі ісікті емдеуге арналған жаңа құрал. Айтуынша, жетістікке ғарышта өткізілген зерттеу арқылы қол жеткізілген, осылайша институт онкологияда нағыз революция болатын дәрінің клиникаалды сынағын аяқтады. "Препаратымыздың шартты атауы - "жылу шогының ақуызы" ("Белок теплового шока"). Бұл - адамның стрессорлық түрлі ықпалына жауап ретінде кез келген жасушасымен синтезделетін молекула. Мұның бар екенін ғалымдар ерте кезден білген. Бастапқыда ақуыздың жасушаны зақымнан қорғайтыны ғана күтілді. Ал кейін ерекше қасиеті бар екені анықталды - жасушасындағы иммундық жүйенің ісінген антигендерін көрсете алады және осылайша ісінуге қарсы иммундық ықпалын күшейтеді", - деді Симбирцев.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді