FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит қазақстандық боксшы Қанат Исламның бірінші орта салмақтағы WBO титулы үшін жекпе-жек өткізу жайлы пікір білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Бұған дейін бірінші орта салмақтағы WBO титулының иегері мексикалық Сауль Альварес отандасы кіші Чавеспен айқасынан кейін салмағын ауыстырып, белбеуін қалдыратынын мәлімдеген.
«Қанат Исламның осы атақ үшін айқасатындығы оның командасына байланысты болмақ. Белбеу бос тұрғанда сынға түскісі келетіндердің қатары артатыны анық. Қанаттың деңгейін мықтылармен айқасқан кезде ғана білеміз», – деді Григорий Стангрит.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы бірер апта бұрын бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта-ақ сұлатып түсіргенінен кейін Сауль Альваресті, Мигель Коттоны жекпе-жекке шақырған. Ал Ресейдің «Матч ТВ» телеарнасының журналистері Қанаттың үздіктермен айқасатын кезі келгенін айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




