Назарбаев Конституцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды
- author «Ақ жол»
- 1 наурыз, 2017
- 241
Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. "Жұмыс тобының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын бастапқы редакцияда қалдыруды ұсынды".
Еске салайық, ҚР Конституциясының 26-бабында "Қазақстан азаматтары" деген сөздің орнына "Әрбір" деген сөзді қою ұсынылған еді. Кейін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына түзетулер жобасы бойынша түсіндірме берген болатын. "Бұл жерде "әрқайсысы" деп Қазақстанның азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар деп түсінуге тиіспіз. Неге біз еліміздің резиденті емес адамның немесе азаматтығы жоқ адамның мүлкінің сақталуын қамтамасыз етпеуіміз керек? Мәселен, оның көлігі, киімі, компьютері бар. Мұның бәрі сол адамның мүлкі болып саналады. Одан басқа, шетелдік азаматтар мұнда инвестиция әкеледі, ол да мүлік. Келген инвестиция қорғалуы керек, оны Конституциямен сақтандырылуын қамтамасыз етілуі керек", - деп атап өткен еді ол.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді