Әу баста «Diamond Ring» промоутерлік компаниясының былғары қолғап шебері мексикалық Марио Антонио Масиаспен жұдырықтасады деп күтілген. Алайда, 10 наурыз күні шаршы алаңға Сойлыбаевқа қарсы Мексиканың басқа өкілі Герман Мераздың шығатыны белгілі болды.
«Шынымды айтсам, бұл қарсыласым жайлы әлі нақты ешнәрсе білмеймін. Дегенмен, Boxrec сайтындағы статистикасын көріп, таңғалдым. 30 жаста екен. Бірақ, кәсіпқой бокста 99 жекпе-жек өткізіп үлгеріпті. Мен оның жүзінші қарсыласы боламын. Сондықтан, тәжірибесі баршылық екені айтпаса да түсінікті. Жақында ол жайлы материалдар жинап, айқасқа аз күн қалғанда әлсіз және мықты тұстарын толық зерттеп үлгереміз деп ойлаймын», - деді Бекман Сойлыбаев.
Айта кетейік, кәсіпқой бокстағы карьерасын 2005 жылы бастаған Герман Мераз шаршы алаңда 99 жекпе-жек өткізіп, соның 55-інде жеңіске жеткен.
Қазіргі уақытта Бекман Сойлыбаев Лос-Анджлес қаласында Wild Card West жаттығу залында америкалық Эрик Браунның қол астында жаттығу жасап жатыр. Кәсіпқой бокста отандасымыз 9 кездесу өткізіп, оның төртеуінде қарсыластарын сұлатып салған.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




