2006 жылы шыққан номиналы 1000 теңгелік банкноттарды осы жылдың 1 наурызынан 2018 жылдың 28 ақпанына дейін кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбастауға болады. Ұлттық банктің филиалдарында аталған банкноттарды айырбастаған кезде комиссия алынбайды.
Ұлттық банктің мәліметінше, айналымда жүрген номиналы 1000 теңгелік естелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналымда жүрген банкноттарды қабылдаудан бас тартқаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға 5 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК, ал ірі кәсіпкерлікке 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар мен банктерге банкноттарды айырбастау, қабылдау және ұсақтаудан бас тартқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




