«Оскар» сыйлығын кімдер алды?

«Оскар» сыйлығын кімдер алды?
ашық дереккөз
«Оскар» сыйлығын кімдер алды?
Биыл үздік фильмдер арасында «Оскар» жүлдесін режиссер Барри Дженкинстің «Ай сәулесі» туындысы алды. 89-шы рет өткізілген салтанатты шарада жеңімпаздарға Американың Кинематографиялық өнер және Ғылым академиясының 24 мүсіншесі табысталды. Салтанатты шара 200-ден астам мемлекетте тікелей эфирде көрсетілді.

«Оскар» сыйлығы иегерлерінің толық тізімі:

Үздік фильм: «Ай сәулесі \ Moonlight»

Үздік актриса: Эмма Стоун ( Ла-Ла-Ленд \ La La Land )

Үздік актер: Кейси Аффлек (Теңіз жағасындағы Манчестер \ Manchester by the Sea)

Екінші орындағы үздік актер: Махершала Али (Ай сәулесі \ Moonlight)

Екінші орындағы үздік актриса: Виола Дэвис (Қорған \ Fences)

Шет тіліндегі үздік фильм: «Саудагер\The Salesman» – Иран

Үздік анимациялық фильм (қысқаметраж): «Құмдауық \ Piper»

Үздік анимациялық фильм (толықметраж): «Зоотопия \ Zootopia»

Үздік деректі фильм (қысқаметраж): «Ақ шлемдер\ The White Helmets»

Үздік қысқаметраж фильм (актерлер ойнайтын): «Ән сал \ Sing»

Үздік грим және шаш үлгісі: «Өлімге бәс тіккендер жасағы \ Suicide Squa»- Alessandro Bertolazzi, Giorgio Gregorini and Christopher Nelson

Үздік костюм дизайны: «Фантастикалық жануарлар және оларды қайдан табамыз \ Fantastic Beasts and Where to Find Them» - Коллин Этвуд

Үздік деректі фильм (толықметраж): «О. Джей: Америкада жасалған \ O.J.: Made in America»

Үздік дыбыс монтажы (sound editing): «Келу \ Arrival» - Sylvain Bellemare

Үздік дыбыс үйлесімі (sound mixing): «Жонарқам қажалғанша \ Hacksaw Ridge» - Kevin O'Connell, Andy Wright, Robert Mackenzie, Peter Grace

Үздік қоюшы-суретші: ( Ла-Ла-Ленд \ La La Land ) - Дэвид Уоско

Үздік визуал эффектілер: «Джунгли кітабы \ The Jungle book» - Robert Legato, Adam Valdez, Andrew R. Jones, Dan Lemmon

Үздік монтаж: «Жонарқам қажалғанша \ Hacksaw Ridge» - Джон Гилберт

Үздік оператор: Линус Сандгрен ( Ла-Ла-Ленд \ La La Land )

Үздік композитор: Джастин Гурвиц ( Ла-Ла-Ленд \ La La Land )

Үздік ән: «City of Stars» (Ла-Ла-Ленд \ La La Land)

Үздік түпнұсқа сценарий: Кеннет Лонерган (Теңіз жағасындағы Манчестер \ Manchester by the Sea)

Үздік бейімделген сценарий: Барри Дженкинс (Ай сәулесі \ Moonlight)

Үздік режиссер: Дэмьен Шазелл (Ла-Ла-Ленд \ La La Land )

Айта кетерлігі, режиссер Дэмьен Шазеллдің «Ла-Ла-Лэнд» киномюзиклі «Оскар» жүлдесін алты номинация бойынша иеленіп, 1950 жылы жарыққа шыққан «Бәрі Ева туралы» картинаның және 1997 жылы көрермендерге жол тартқан «Титаниктің» жетістіктерін қайталады.

Алайда биылғы «Оскар» жүлдесін табыстау салтанаты кезінде Фэй Данауэй мен актер, әрі режиссер Уоррен Битти қателесіп, «Ла-Ла-Ленд» фильмі бас жүлдені иеленгенін мәлімдеді, артынша «Ай сәулесі» кинотуындысы үздік фильм атанғандығын айтып, кешірім сұрады.

Сондай-ақ, АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың ислам діні кең тараған жеті мемлекеттің азаматтарына елге кіруге тыйым салуы биылғы «Оскар» жүлдесін табыстау салтанатына да зиянын тигізбей қоймады. Мәселен, «Үздік қысқаметражды деректі фильм» атанған сириялық «Ақ дулығалылар» фильмінің операторы Халед Хатибке Америкаға кіруге рұқсат берілмеді. Ал «Шетел тіліндегі үздік фильм» атанған ирандық «Коммивояжёр» картинасында басты рөлді сомдаған актриса Таране Алидусти АҚШ-қа барудан бас тартқан.

Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер АҚШ президенті Дональд Трамп өзге шараға қатысуына байланысты 89-шы «Оскар» жүлдесін марапаттау салтанатына қатыспайтынын хабарлаған болатын.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Голливуд жұлдыздары ел президентінің саясатына наразылық танытып, оған қарсы шерулерге қатысып жатыр.

ақпарат көзі: Baq.kz 

Ұқсас жаңалықтар